Ауғанның отты жылдары

Ауғанстан мемлекетінде интерноционалистік  борышын өтеген әскерлерді , ауған жерінен шығарғанына 34-жыл толуына орай « Ауғанның отты жылдары» атты  ауған ардагерімен кездесу кеш.

Армысыздар, ауғандық жауынгерлер

Жырым бар жараланған жанымды емдер

Өлгендердің жәннәтта болсын жаны,

Тірілерің мың жасап дәуірлеңдер — деп ақын ағаларымыз жырлағандай , 1989жылы 15 ақпанда  мыңдаған бауырларымыз бен боздақтардан айырылған қайғылы да қасіретті  Ауған соғысы аяқталды.

Ауған оқиғасының тарихи мағыналық  ақиқатын ашу, Тәуелсіздік жолында күрескен  ағаларымыздың, жерлестеріміздің  ерлігін кейінгі ұрпаққа  үлгі ете  отырып, жастарды Отан-сүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған ардагеріне құрмет  көрсету мақсатында,   мектептің  педогог ұйымдастырушысы Ж. Қилыбаева және мәдениет қызметкерлерінің бірлесуімен 16 ақпанда Жалғызағаш ауылдық орта мектебінде Ауғаныстан мемлекетінде әскери  борышын өтеген әскерлерді , ауған жерінен шығарғанына 34-жыл толуына орай «Ауғанның отты жылдары» атты  ауған ардагері Бидайбеков
Қайрат Садықұлымен кездесу кеші өтті.   Шарада Ауған соғысында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, мектеп директоры А.Б.Мейірбеков  ардагерді мерекесімен құттықтап зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасына амандық тілеп сый- құрмет көрсетті,  оқушыларға оқуда озат, алғыр болуына тілек білдірді.

Шарада  отты жылдар туралы мектептің  «Жас Ұлан» ұйымы  ардагердің құрметіне арнап өлең жолдарын оқып, мерекелік концерт қойылды, арнайы отты жылдарға арналған видеослайд көрсетілді. Шарада Қайрат ағай  алғысын білдіріп, елімізге тыныштық, жастардың болашағы жарқын болсын  деп ақ тілегін білдірді. Ерлік саналы  тәрбиенің жемісі, өзіңді  саналы түрде қауіп-қатерге  тігуге мәжбүр етудің  нәтижесі,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай,  сұрапыл  майданға кеткен қандастарымыздың жанды бейнелері, олардың жасаған ерліктері  ұрпақ жадында мәңгі сақталады, Ауған соғысына қатысқан барлық жауынгер ағаларымыз, ерен еңбек жасап,  құрбан болған жерлестерім, ержүрек жауынгерлеріміз  мәңгілік есте сақталмақ!

Салтанат Ускенбаева,

Жалғызағаш ауылдық

клуб әдіскері