Сот жүйесіне деген сенім артты

Сот жүйесінің ашықтығы – азаматардың сот жүйесіне деген сенімін арттыратын бүгінгі күннің талабы. Қазіргі таңда сот жүйесін жаңғырту үшін электрондық технологиялардың көмегін қолданып жатыр.

Нәтижесінде, қағазбастылықтан арылып, қылмыс және заң бұзушылықтардың анықталу деңгейі жоғарылады. Сот жүйесіндегі құқықтың үстемдігі жағынан үлкен жетістіктерге жетіп отыр, электронды сот өндірісін іске қосудың негізгі мақсаты азаматтардың сотпен байланысын жеңілдету, олардың өздеріне қолайлы кез-келген уақытта сот төрелігіне жүгінуіне жағдай туғызу, сот үрдісінің ашық, айқын жүзеге асып, заң үстемдігін орнату екені белгілі.

Ең бастысы, қағаз бастылықтың жойылуы өз кезегінде саланы ашықтыққа, жариялыққа жетелеуде. Қазақстандағы сот жүйесін цирфрландыру процесіне келер болсақ, соңғы жылдары сот реформаларының нәтижесінде бұл салаға ақпараттық технологиялар енгізіле бастады. Яғни, сот залдары қазіргі заманға сай сапалы аудио-бейнежазба жүргізуге арналған техникалармен жабдықталып, барлық іс-қағаздар мен құжат айналымдары электрондық форматқа ауысқанына бәріне мәлім. Осы цифрлық технологиялардың көмегімен сот отырыстарында заң бұзушылық деңгейі төмендеп, халықтың соттың әділ шешім шығарутына сенімі де артуда. Сондай-ақ, елімізде жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформалардың жемісті нәтижелері бізді жаңа белестерге бастайды. Мемлекетті басқарудың саяси құралдарының қатарында биліктің дербес саласы — сот билігінің орны мен мәртебесі айрықша екені даусыз.

Индира ИДРИСОВА

Ескелді аудандық сотының кеңсе меңгерушісі