Жемқорлыққа жол жоқ

Мемелекет басшымыз елімізде жемқорлықтың дендеп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, қоғамға қауіпті дерт екенін айтты.

Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 2 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркеледі. Мыңнан аса адам жауапқа тартылады. Бұл – батпандап кіріп, мысқылдап шығатын кесел. Осы ауруды қазір шұғыл түрде емдемесек, ертең кеш  болуы мүмкін – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретінін айтты. Осы аталған мәселелерге орай Райымбек ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы бұл дертпен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлесіп күресуге шақырып, әр жұмыс күні бөлім қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық –қарапайым ғана құқық бұзушылық емес, ол мемлекеттің нәтижелігіне сенімді құртады және қоғамның тікелей қауіпі болып табылады.

Абылай Найзабеков.

Аудандық ТЖБ бастығыазаматтық қорғау майоры