«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХХVІІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының аясында белгіленген өкілеттік нормаға сәйкес «Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалының кезектен тыс ХХVII сайлау коференциясы өтті.
Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, аудан әкімі Рауан Рақымбеков, сонымен қатар бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аудандық және облыстық мәслихат депутаттары, сайланған делегаттар, партияның белсенді активтері, аудандық атқарушы орган, мекеме және өндіріс саласының басшылары, мемлекеттік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары және партияның «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты.
«Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалы төрағасының кандидатурасын ұсыну үшін сөз «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлына берілді. Делегаттар Рауан Тұрданғазыұлын «Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалы төрағалығына сайлануына қалыс қалмай дауыс беріп, бірауыздан сайлады.
Келесі кезекте күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия бағдарламасындағы тапсырмаларды іске асыру туралы Ғалиасқар Төлендіұлы баяндама жасады.
Баяндаманы талқылау барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асхат Оразалинов пен Алдабергенов ауылдық округінің әкімі Жалғас Садырбаев жарыссөзге қатысты.
«Nur Otan» партиясының 27 конференциясында 220 делегат жаңадан сайланды. Сондай-ақ маңызы үлкен конференция барысында «Nur Otan» партиясының алдағы уақытта атқарылатын жүйелі жұмыстары талқыланды.
Ақбота ЖАСҰЛАНҚЫЗЫ.