АНА ТІЛІМ, ДАНА ТІЛІМ, БАҚ ТІЛІМ

Ұлттың ең бірінші қасиетті сипаты – тіл. Тіл – ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы айнадай көрініп тұрады. Тіл — бір халықтың жинаған рухани қазынасының жиынтығы.
Өскелең ұрпақтың осы асыл қазынаның қадірін біліп, мемлекеттік тілді қастерлеп, қазақ тілінің кереметтігін сезініп, ана тілін ардақтауға баулу мақсатында Жалғызағаш ауылы кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Ана тілім, дана тілім, бақ тілім» атты әдеби караоке өткізілді.
Шара барысында кітапханашы А.Өскенбаева 1989 жылы 22 қыркүйекте тұңғыш Тіл туралы Заңның қабылданғанынан бастап, тіл мәселесі тәуелсіз еліміздің мемлекеттік саясатында өзіне лайық ресми орын алып келе жатқандығын айтып қана қоймай, тіл мерекесіне арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырды. Оған 8-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар А.Байтұрсынов, І.Жансүгіров, С.Торайғыров, М.Мақатаев, М.Шаханов, С.Иманасовтардың тіл туралы жазылған өлеңдерін музыка ырғағымен мәнерлеп оқып шықты.
А. ӨСКЕНБАЕВА,
Жалғызағаш ауылының кітапханашысы.