АТА ЗАҢЫМ — НЫШАНЫМ

Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасына айналды. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Ата Заң – біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауы.
Аталмыш мереке аудан орталығы мен ауылдық округтерде жыл сайын өз деңгейінде аталып өтеді.
Биыл мемлекеттік мереке қарсаңында аудандық Мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті. Аудан әкімі Рауан Рақымбеков барша ескелділіктерді мерекемен құттықтап, негізгі басты құжатымыздың маңызы туралы әңгіме өрбітті. Аудан иігілігіне аянбай еңбек етіп жүрген біршама азаматтар мен азаматшаларды Алғыс хатпен марапаттады.
Жиын соңы аудандық өнерпаздардың ән шашуымен аяқталды.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.