АУДАННЫҢ АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына алғашқы «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жариялады.
Осыған орай, аудан әкімі Рауан Рақымбеков пен ауданның актив құрамының қатысуымен әкімдіктің үлкен мәжіліс залында жиын өтті. Өз баяндамасында Жолдаудағы әр тармаққа кеңінен тоқталып, сол бағыттар бойынша атқарылатын істердің қатарын тізбектеп өтті.
Сонымен қатар, Рауан Тұрданғазыұлы алдағы уақытта мемлекетіміздің қарқынды дамуы мақсатында бірлесіп жүйелі жұмыс атқару керегін басты назарға салды. Жолдауда көрсетілген негізгі бағыттарды іске асыру мақсатында аудан басшысы өзінің орынбасарлары мен ауылдық округ әкімдеріне атқарылуға тиіс бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.