Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ еліне Жолдауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдау жасады. Айта кетсек, бұл осы жылы 9 маусымда Қазақстан Президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Токаевтің алғашқы Жолдауы болып отыр.
Қазақстан Президенті жедел түрде сексуалды зорлықтың алдын алу, педофилдер мен есірткі таратушыларды жазалау, адам саудасы, әйелдерге тұрмыстық зорлық көрсету, жеке тұлғаға қатысты қылмыстар, оның ішінде балаға қатысты қылмыс жасаушыларға жазаны күшейту керектігін айттып өтті. Қасым-Жомарт Токаев 2020 жылды Еріктілер жылы деп аталатынын алға тартты.
Қ.Тоқаев «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезең келді», – деп айтты. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз жұмыла жұмыс жүргізуіміз керектігін алға тартты. Елбасымыздың жүргізіп отырған саясаты басқа елдермен бәсекеге түсуіміздің алтын діңгегі болмақ.
Ажар Садан.