Астананы асқақтатқан 20 жыл

Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары — Астана қаласы 20 жылдығын атап өткелі отыр. Астана күні — жалпыұлттық мерекеге айналған. Біз атаулы датаға орай өткен жылдарға шегініс жасап, тарихи оқиғаның қалай басталғанына тоқтала кетсек.

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. Ал 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Ел астанасын ауыстыру Астананың экономикалық дамуына қуатты серпін берді.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа Елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің Тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.

Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары — Астана қаласы 20 жылдығына арналған Ескелді ауданы Жетісу орта мектебінде көптеген жоспарлы  іс-шаралар өткізілуде.

«Менің сүйікті Астанам» тақырыбындағы 5-7 сынып оқушылары арасында суреттер байқауы өтіп, үздік жұмыстардан көрме ұйымдастырылды. Астана қаласында болған оқушылардың фотосуреттерінен көрме, «Астана – ел мақтанышы», «Қазақстан – тірегіміз, Астана – жүрегіміз» тақырыптарында  мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Жаса, жайна, ару қалам – Астанам» тақырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында ақпараттық слайд-шоу байқауы, Астананың құрылу тарихына байланысты «Астана –бас қала» тақырыбында 5-11 сынып  оқушылары арасында жарыс, 1-11 сынып оқушылары арасында «Астана – арман қала» тақырыбында үздік әндер байқаулар өткізіліп, ең үздік шығармалар атап өтіліп, оқушылар жүлделі орындармен  және  сыйлықтармен марапатталды.

«Астана – ұлтымыздың рухани ордасы», «Ғасырлар тоғысында асқақтаған Астана» және т.б.тақырыптарында ашық сабақтар, тәрбие сағаттары, апталықтар, семинарлар өткізілді.

Қазақ халқының Қазақстанда тұратын басқа этностардың мәдени мұрасын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін зерделеу бойынша «Елордамыз Астанамен танысамыз», «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат пен көшпелі мәдениеттің бірлігі», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» тақырыптарына өлкетану жұмыстары бойынша тарих пәнінің мұғалімдері жүргізіп, оқушыларды Астана, Талдықорған қалаларындағы мұражайларға, мәдени орындарға апарды.

8-11 сынып оқушылары арасында «Астана – Еуразия жүрегі» тақырыбында мектепішілік ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Оқушылар «Астана – Еуразия жүрегі» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияда бір-бірімен пікір алмасып, өз ойларын ашық ортаға салып, белсенділік көрсетті. Жалпы мектебімізде жоспар бойынша ұйымдастырылған оқушылар арасында өткізілген Астана қаласының 20 жылдығына орай арналған конференция жоғары деңгейде өтті.

Астана қаласының  20 жылдығына төрткүл дүние көз тіккен көптеген әлемдік және халықаралық форумдардың алаңына айналған, жер-жаһанға Астанадан ақжолтай ақпарат таратылып, бас қаламыздың мәртебесі мен мерейі асқақтасын!

Елордамыз Астананың 20 жылдығы – Елорда тойы – елдің тойы, елдіктің мерекесі, ұлттың қуанышы, мемлекеттің мерейі бола бермек.

Г. СыдыҚова,

Жетісу орта мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.