КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Өткен аптада Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Қ.Әлібаевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Аудан әкімінің бекітілген қаулысына сәйкес комиссия мүшелері толыққанды қатысып, қарастырылып отырған мәселені басты назарға алып, әр іске жеке тоқталды. Отырыс барысында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнінде мәселе қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес, кәмелеттік жасқа толмаған, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды өзінің қамқорлығына алған отбасылардың балалардан бас тарту мәселесі бойынша істері қаралды.
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 91-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық)» және отбасы туралы Кодексінің 120-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 30 наурызындағы «Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі бөлімдерін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» №382 қаулысымен бекітілген ережесіне сәйкес және «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңын 11бап, 1, 5 тармағына сәйкес күн тәртібіндегі мәселелер басшылыққа алынып, қаулы қабылданды.
Ажар ЕРЖАНҚЫЗЫ.