СПОРТ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ

Әр жыл сайын елімізде тамыз айының үшінші жексенбісінде спорт күні аталып өтеді. Биыл ауданымызда, тамыздың 17 күні, орталық «Жастар» стадионында аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Спорт күні» аталып өтті. Мерекеде аудан спортының өркендеуіне еңбегі сіңген ардагерлер, аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп жүрген спортшыларымыз марапатталды.
Марапаттаудан соң аудан тұрғындарының салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындар мен жастар арасында спортпен айналысуды дамытуды мақсат ете отырып, әртүрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Шара барысында шағын футбол, волейбол, көгалдағы хоккей, эстафета (қыздар, ұлдар), 100м жүгіру сияқты ойындар өткізілді.
Ойын соңында жүлделі орындарға ие болған командалар диплом, медаль және кубоктармен марапатталды. Ардагерлер арасында Эрнис Ибрагимов, Амангелді Садықов, Әлімхан Тұмбаев және Салин Рустамбеков марапатталды.
Аудандық футбол чемпионатында Ішкі істер бөлімі – І орын, 15603 әскери бөлімі – ІІ орын, Сырымбет ауылы – ІІІ орын; Шағын футбол ойынында Ішкі істер бөлімі – І орын, Жетісу ауылы – ІІ орын, 15603 әскери бөлімі – ІІІ орын; Волейбол ойынында Сырымбет ауылы – І орын, Жалғызағаш ауылы – ІІ орын, М.Байысов ауылы – ІІІ орындарға ие болды.
Ауданымыздың мерейін асқақтатар спортшыларымыз көп болып, жемісті де жеңісті күндер алда деп ойлаймыз.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.