Мұражай — тарих айнасы

Халықаралық музейлер күніне орай Н.Алдабергеновтың мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мұражай – тарих айнасы» атты шара өткізіліп, «Мәдени мұра – асыл қазына» атты көрме безендірілді.

Шараға Алдабергенов ауылдық округ әкімшілігі, Байысов атындағы орта мектеп ұжымы мен оқушылары және ауыл тұрғындары қатысты. Н. Алдабергенов мемориалды музейінің алғашқы директоры Шайбала Тергеуова арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Шара барысында ауылдық Мәдениет үйінің қызметкерлері, Байысов атындағы орта мектебінің оқушылары мен «Қарлығаш» балабақшасының бүлдіршіні Дарина Ықылас өнер көрсетті. Мәдени шара соңында көпшілік қауым Н. Алдабергеновтің мемориалды музейіне ақысыз кіргізіліп, экскурсия жүргізіліп, естелікке сурет түсірілді. Сонымен қатар келушілерге сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін «Ашық есік күні» жарияланды.

Г. Бақаджанова,

Н. Алдабергенов мемориалды музейінің экскурсия жүргізушісі.