ӨНЕРІ ӨРГЕ ЖҮЗГЕН

Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында түрлі шаралар өткізілді. Ал жақында облыс әкімінің бекіткен жоспарына сәйкес «Бірлігіміз жарасқан» форумының аясында «Өз елім» облыстық вокалды-хореографиялық байқауы өтті.
Облысымызға танымал мықты би топтары мен әншілері бақ сынасқан айтулы додаға Ескелді ауданынан «Наз» би ансамблі қазақ биі «Үкілі ару» биімен өнер көрсетті. Олар жоғары орындаушылық шеберлігі үшін Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының II дәрежелі дипломымен және бағалы сыйлықпен марапатталды. «Хореография» номинациясы бойынша жүлдегерлерді дайындағаны үшін өз ісінің білікті маманы, хореограф Айнұр Баймұхамбетова Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталды.
Жас таланттарымызға өнердің өрінен, сахнаның төрінен көрініп, ауданымыздың мәртебесін асқақтатып, биік шыңдарға жете беріңдер деп тілейік.
Ардақ КӨМЕКОВА,
аудандық Мәдениет
үйінің әдіскері.