«Балалар жылына» орай өткізілетін іс-шаралар

Биыл жаңа жыл қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды балалар жылы деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берген еді. Президент өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп, жастарға зор үміт артатынын, сондықтан да өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін нақтылады. Сол кезде Мемлекет басшысы: «Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»,-деген еді. «Іс-шаралар жоспарының мақсаты – балалардың физикалық, зияткерлік, рухани, адамгершілік дамуына ықпал ететін жағдайлар жасау арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсарту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету керектігі айтылған.

Осы аталған міндеттерді іске асыруда  «Айкүн» балалар бақшасында Балалар жылына орай  мамыр-маусым айларында төмендегідей  іс-шаралар өткізілді.

«Мені қоршаған әлем!» балалар көзімен шығармашылық  жұмыс  арқылы балалар асфальт бетіне сурет салды, әр бала өз қиялындағы бейнелерді шығармашылықпен  түрлі  суреттрді бейнеледі.  Сонымен қатар «Бала денсаулығы басты назарда!» тақырыбы бойынша  балабақшада орналасқан тұзды шахата бөлмесінде бала денсаулығын жақсарту,маусымдық жұқпалы ауырулардың алдын алу мақсатында  минералды тұздармен , қаныққан ауамен демалту шаралары жүргізілуде. Ата-аналар мен бірлесіп жүргізілген жұмыстар барысында, өмір ағашы: «Менің тегімнің тарихы» тақырыбында отбасының құндылықтарын ашу барысында  бейнеролик түсірілді.

«Әкем және Анам»  атты тақырыпта «Толағай» отбасылық спорттық сайысы ұйымдастырылды. Балалардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру барысында  «Кітап білім бұлағы» атты тақырыпта ауыл кітапханасына саяхат жасалды. «Алақай, жаз келді!» тақырыбында жаз мезгілінің ерекшеліктері мен қызыққа толы сәттерін көрсету барысында  челлендж түсірілді.

Аталған іс-шаралар «Айкүн» балалар бақшасының Instagram желісіне жүктелініп отырды.Балалық шақ бақытты кезеңмен маңызды. Бүлдіршіндеріміздің кішкене күлкісі адамға күш-қуат беріп, демеп тұрады. «Келешек ұрпақ – Ел болашағы»  сондықтан балалға не үйретеміз соның нәтежесін көреміз.

Аясауле Саганган,

«Айкүн» балалар бақшасының тәрбиешісі