Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуының негізі

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік қызмет көрсету — бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» — деп атап өткен.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз — көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:

— көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысының саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Соның ішінде мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды.Қазіргі таңда заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда.

Шынында да, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде, азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.

Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады. Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, көптеген шет мемлекеттер мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән береді.

Бүгінгі күнде азаматтардың цифрландыру кезінде барлық қызметтердің қолжетімділігі қуантарлық жағдай. Әрине, мемлекеттік мекемелер мен соның ішінде білім ордалары үшін де бар жағдай жасалғаны, білім саласындағы әріптестеріміз үшін де қолайлы болмақ. Жыл сайынғы қажетті құжаттарды жұмыс орнына өткізу үшін тек қана ұялы телефон немесе компьютердің көмегі болса болғаны. Бұның бәрі еліміздің экономика саласындағы жетістіктері мен мүмкіншіліктері болмақ. Қазақстанның даму үстіндегі жетістіктері мен артықшылықтары артып, еліміз дамыған 30 елдің қатарынан көріне берсін!

Мадина Асылбекова,

Жалғызағаш орта мектебі,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі