Ауданымыз алдыңғы қатарда

Облыстық және аудандық жастар ресурстық орталығы мен «Жас Отан» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына орай жастар арасында облыстық үстел теннисінен жарыс өтті. Жарысқа Панфилов, Сарқан, Кербұлақ, Ақсу аудандары, Талдықорған қаласы және өзіміздің Ескелді ауданы қатысты.

Үстел теннисі жарысының ашылу салтанатына Ақын Сара ауылдық округінің әкімі О. Орысбаев және Алматы облысы үстел тенисінің аға жаттықтырушысы Н. Дүйсембинов, Ескелді ауданының мәслихат депутаты Ш. Бозов қатысты. Қонақтар қатысушыларды айтулы оқиғаның басталуымен құттықтап, қызықты ойын, көктем күніндей көңіл-күй және спортта жаңа жетістіктерге қол жеткізуге тілек білдірді. Үстел теннисінің ашылу салтанатында Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің оқушылары қатысушылардың құрметіне би билеп, әсем ән орындап берді.

Үстел теннисі басынан аяғына дейін жарқын, көңілді, әрі әсерлі болып, қатысушылар жеңіске деген күреспен сүйемелденіп отырды. Қатысушылар ішінен Ескелді ауданы жеңімпаз атанып, арнайы грамота және кубокпен марапатталды. Екінші орынды Кербұлақ ауданы иеленіп, жарыс есебінің 3 орнында Панфилов ауданының жастары көрінді. Жарыстың жабылуында Алматы облысы үстел теннисінің аға жаттықтырушысы Нұрлан Дүйсембинов ұйымдастырушыларға жақсы ұйымдастырылған іс-шара үшін алғысын білдірді.