Болашақтың білімі — бүгінгінің қолында

Болашақтың бүгіні мен ертеңі тек білімде тұр. Білімнің сапалы, бәсекеге қабілетті болуы тек ұстаздың қолында. Ұстаз қаншалықты қабілетті болса, соншалықты оқушының қабілетін ашып, жақсы білімге сусындатып, әлемдік бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелейді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың білім беру саласына ерекше көңіл бөліп және де ұстаздардың мәртебесі көтеру мақсатын ұстануда. Осындай ұстаным арқылы еліміздің болашағын жарқын, тың өзгерістермен заманға сай тәрбиелеуді және де көп тілді меңгерген азаматтардың санын көбейту мақсаты алда тұр. Алтын ұя мектептің жаны да, ары да ұстаз деп айтқым келеді .Өнегелі ұстаздан тәрбиелі ұрпақтың шығуы ұстаздың басты міндеті. Ұстаздың мәртебесін биіктетіп, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де осы ұстаным. Менің ойымша, ұстаздың мәртебесін қаншалықты көтергенмен де бұрынғы сыйластықты қайтара алмаймыз .Өйткені, қазіргі жас ұрпақтың тәрбиесіздігі басым және де ата-ананың үлкенге, ұстазға құрметтеуі жоқ. Егер де ұстаздардың мәртебесін көтеріп келер ұрпаққа сыйластығы, құрметі артса жақсы болар еді. Егер осы ұстанымды ата-аналар ел болып қолдап, өз үлесімізді қоссақ, келер ұрпаққа ұстазын құдайындай сыйлап, ұзтаздардың мәртебесін биікке көтерер едік.

Ажар ЕРЖАНҚЫЗЫ