«Кел, балалар, оқылық!»

(«Оқуға құштар мектеп»  жоба аясында ата-аналарға арналған оқыту семинар-практикумы)

Қазіргі уақытта қоғамдық-әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің болуына байланысты, білім жүйесінде де біршама жаңарулар болып жатқаны белгілі. Бүгінгі таңда білім саласында бағдарлы оқыту жүйесі арқылы әрбір жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін дамытып, қалыптастыруға аса мән берілуде.

Кітап оқу-рухани байлық. Кітап жан серігің, ақылдасар сырлас досың. Кітаптан ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды оқып білеміз. Ұлы тұлғалардың бәрі де ұлылыққа кітап оқу арқылы жеткен.Сонымен қатар, кітап оқи отырып, олар адамдарды ажырата білуге, жақсы мен жаманды айыра білуге үйренеді. XXI ғасыр –білім, ғылымның ғасыры. Өркениет көшінен қалмау үшін біз білім сапасын арттырып, адам ресурсын байытуымыз қажет. Болашақ- білімді жастарымыздың қолында.

Осыған орай Жетісу облысы Ескелді ауданы Байысов атындағы орта мектеп кітапханасында оқушылардың кітап оқуға құмарлығын кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой-өрісі дамуын, рухани байлығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру, сапалы білім, саналы  тәрбие алу үшін көп оқып, көп іздену керек екенін түсіндіре отырып, оларды ұлттық сана-сезімді жоғары, рухани ойлауы терең мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу, кітапты сүйе білуге, қадірлеуге баулу, оқушыларды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектеп кітапханашысы Г.Оразбаева «Балаға мағыналы оқуды үйренуге қалай көмектесуге болады?», «Оқу сауаттылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері», «Ата-аналарға көмек», «Ата-аналарға арналған оқыту» тақырыптарында ата-аналар арасында семинар-практикум өткізді. Семинар барысында кітапханашы Г.Оразбаева соңғы кезде жаңа технологиялардың дамуына байланысты кітап оқуға деген қызығушылық төмендеп кеткені байқалатынын, оқушы кітапханаға келгеннен гөрі дайын материалды интернеттен алғанды жеңіл санайтынын айтып өтті.

«Оқуға құштар мектеп» жобасын басшылыққа ала отырып, бүгінде кітапханалар — еліміздің болашағы, жастардың ғылым, білім жолындағы өмірлік құлшынысына айналып отыр. Сондықтан да, ата-ана, балам сауатты, білімді болсын десеңіз балаларыңызға ертегі кітаптардан бастап, анықтамалықтар, сөздіктер, мақал-мәтелдер т.б. кітаптарды алып бергенді әдетке айналдырғандары жөн екенін ескертті. Әр мейрам сайын балаларға әдеби кітапты сыйға тартуларын ұсынды.

Барлық білім кітапта. Кітаптан асқан қазына жоқ. Ешқандай байлық та, жаңа технологиялар да кітаптың орнын баса алмайды. Адам  ақпараттың 20%- ын көзімен, 70% -ын оқу арқылы қабылдайтынын алға тартып, балаға тек үй тапсырмаларын орындау білімділікті қамтамасыз етпейтіндігін түсіндірулеріне шақырды. «Үштік одақ» әдісі аясында «Мектеп-ата-ана-бала» болып жан-жақты бірігіп балаларға кітап оқытуды қолға алуды, кітап жақсылыққа, әділдікке үйрететінін, айналадағы дүниенің әсемдігін ашып, өмірге деген сүйіспеншілікке, білім қуанышына баулитынын түсіндірді.

Жаңа заман талабына ілесу- әр кітапханашының міндеті. Шәкірт санасына зор ілім құяр кітап мекені болса, кітапханашы- тілімізді, дінімізді, рухани байлығымызды насихаттаушы мамандық иесі.Кітапхана саласындағы тың бастамаларыңыз бен тұшымды ойларыңыз болса, қабылдауға әрқашан дайынбыз. Сіздерді кітапхана ісіне қатысты түйткілді мәселелерді кітап жанашырлыры ретінде бірге отырып жұмыла талқылауға шақырамыз.

Г.Оразбаева,

Р.Мажитова,

Байысов атындағы орта мектебінің кітапханашылары