«Алтын күз» мерекесі

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, күз болып дымқыл тұман жерді басқан деп ызғарлы күз мезгілі де келді. Бұл уақытта ел-жұрт молшылыққа кенеліп, астық орылып, шөп шабылып, жеміс-жидектің бәрі пісіп, қамбаның толатын кезі.

Самал желмен тербелген ағаштардан әлсін-әлсін ұшып жапырақтар да түсіп жатыр. Айналаны сары-қызғылт түске көмкеріп, әдемі көрініс беріп тұр. Күн суытып, әр үйдің түтіні түтеп жатыр.   Қыстың қамын ойлап жатқан жандар да күйбең тіршілігімен жүр. Қураған шөптің басына әппақ-әппақ болып қырау қатып үлгерді. Қамбалар дәнге толып, диқаншылар көңілді.

Күз келгенде әр аулада мейрам. Осындай мереке «Күншуақ» бөбекжай бақшасында да аталып өтті. «Қуаныш» ортаңғы тобында ұйымдатырылған «Алтын күз» мерекесінде меңгеруші Маржан Талғатқызы бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, арнайы «Күз сыйы» көрмесіне қолдан жасаған бұйымдары үшін «Мадақтама» грамоталарын табыстады. Сонымен қатар,  «Бақа», «Бұлт» билері биленіп, балалар күз тақырыбында тақпақтарын айтып, ән шырқады.

Қарлығаш БИРИМКУЛОВА

«Күншуақ» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі