(Мемлекеттік органдар менеджментін жетілдір )
Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет мінсіз атқарылуы тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің еңбегі де оңтайлы болғаны жөн. Ол үшін мемлекеттік органдарда мінсіз қызмет ететін мемлекеттік қызметші жұмыс уақытысы аяқталған соң негізсіз жұмыс орнында қалып, мемлекеттік жұмыспен айналыспай менеджмент саласын да толық меңгеруі тиіс. Бұл қазіргі уақыттың талабы. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен жергілікті атқарушы органдардың кіруді бақылау және басқару жүйесін «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде интеграциялау бойынша атқарылған жұмыстарға қатысты талдау жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын тиімді пайдаланып, жұмыс уақыты аяқталған соң жұмыста қалу фактісі тіркелмеу үшін мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, төмендегі шаралардың жүйелі атқарылуы басты назарға алынды. Атап айтар болсақ,
1) мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 32-бабының
4-тармағымен көзделген тәртіппен ғана тартуды, үстеме жұмыс үшін заңнамамен көзделген демалыс күндері (сағаттары) берілуін, өтемақы төленуін қатаң сақтауды қамтамасыз етуді;
2) мемлекеттік органдарда «икемді жұмыс кестесі» режимін кеңінен енгізуді ықпал жасауды, мемлекеттік қызметшілермен артық жұмыс жасауды азайту туралы нақты мақсатты индикаторды мемлекеттік органдардың тиісті басшыларының жеке жұмыс жоспарына қосуды;
3) жергілікті атқарушы органдарда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік қызметшілердің магнитті картаны қолдану арқылы кіру және шығу уақытын есепке алатын қолжетімділікті есептеу және бақылау жүйесін (ҚЕБЖ) (скуд) орнатуды;
4) мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде және жергілікті атқарушы органдарда бірыңғай, бір ізді ҚЕБЖ-ны орнату бойынша тиісті шараларды қабылдау көзделді.
Жоғарыда аталған тапсырмалар негізінде артық жұмыс жасау фактілері орын алса, оларды жою бойынша шаралар қабылданбаған мемлекеттік органдардың басшылары мен Әдеп жөніндегі уәкілдерінің осы бағыттағы жұмыстары туралы мәселесі Департаменттің Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралып, көптің талқысына түсетін болады. Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі мемлекеттік қызметшілердің еңбегін оңтайландыру бағытында жұмыс уақытын есептейтін автоматтандырылған жүйені жаппай енгізу қажет деп тапқан. Бұл жүйе арқылы мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытысын жүйелі әрі нәтижелі пайдаланатын болады. Мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында негізсіз қалуларын анықтау үшін Әдеп жөніндегі уәкілдердің, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің, қоғам белсенділерінің қатысуларымен мемлекеттік мекемелерде рейдтік жұмыс апта сайын жүргізіліп келеді. Нәтижесі де жоқ емес. Осыған сәйкес, жергілікті атқарушы органдармен жұмыс өз деңгейінде жүргізілмеген деген деректер тіркелді. Мәселен, Алакөл және Панфилов аудандарында КББ жүйесін «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен интеграциялау бойынша ең төменгі көрсеткіш көрсетілді. Ал бұл мемлекеттік қызметтің дұрыс атқарылмағанын, орын алған келеңсіздікті жою үшін қажетті жұмыстың атқарылмағанының дәлелі. Демек, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасын арттыру және жұмыс уақытын тиімді пайдалану бойынша әлі де жұмыс жүргізілуі тиіс.
Уақытты үнемді пайдалана отырып, халыққа мемлекеттік қызметті мінсіз ұсыну – мемлекеттік қызметшінің негізгі міндетінің бірі. Ал ол қажетті уақытында орындалмаса, онда мемлекеттік қызметшінің жұмысқа деген ынта, жігерінің төмендігін көрсетеді. Мұндай жағдай орын алмас үшін біз бекітілген әні нақтыланған тапсырма бойынша жүйелі жұмыс атқарамыз. Кеткен кемшілік түзетіледі. Себебі мемлекеттік қызмет қашан да мінсіз болуы шарт.
Рүстем Белдібеков,
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы