«Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

(«Оқуға құштар мектеп» жобасы  аясындағы жұмыс)

Мемлекет басшысы  кітап оқу арқылы әлемге деген қызығушылық мектеп қабырғасынан қалыптасуы керек екенін атап өткен болатын.

Бұл тапсырманы орындау үшін  2020 жылы  «Оқуға құштар мектеп» жобасы жүзеге асырыла бастады. «Оқуға құштар мектеп» жобасы  оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру  мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға  және кітап оқуға насихаттауға бағытталған. Кітап — білімімізді молайтады, кітаптан  көп үлгі өнеге, тәрбиесінен әсер аламыз. Оқыған,тоқығаның көп болса,жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» -деген халық даналығы бекер айтылмаған.  Кітап біздің рухани байлығымыз.

Титов атындағы орта мектеп кітапханасында  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында үздіксіз жұмыс жасалуда. Кітапхана көркі  көрме  болғандықтан,  жоспарға сай  көптеген тақырыптық  көрмелер қойылып көрсетіледі. Мысалы; Қазақстан мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына байланысты  көрме, еліміздің туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге бағытталған. Ахмет  Байтұрсыновтың 150 жылдығына  «Ұлттың  ұлы ұстазы»  атты, 22-қыркүйек Тілдер  мерекесіне  «Туған тілім — тірлігімнің айғағы»,  Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына «Ұлы  халықтың ұлы ақыны» атты көрмелер қойылып, тамашаланды.

Жылдағыдай мектебімізде  «Буккроссинг» —  «Өзің оқыдың — өзгеге бер!»   алаңы үздіксіз жұмыс жасауда. Ұстаздар, оқушылар оқыған кітаптарын  өткізіп, қалаған кітаптарын алады, кітап алмасады. Оқушылар  оқыған кітаптарынан алған әсерлерін бөлісу үшін келесі оқырманға жолдайды. Бұл жоба оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың басты құралы деп есептеймін.

Ал бүгінгі таңда  жас ұрпақты кітап оқуға баулуды түрлі шаралар арқылды жүзеге асыруды мақсат етіп отырмыз. Осындай  тәрбие беретін іс-шаралар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Ж.Курмангалиева,

Титов атындағы орта мектебінің кітапханашысы