Өткен аптада Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің және «Амелия» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу жөніндегі қоғамдық қорымен бірлесіп, білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» аудандық байқауы өткізілді. Байқауға 25 негізгі, орта мектептерінің Адал ұрпақ ерікті мектеп клубтары қатысты. 5 оқушыдан құралған команданың өзін-өзі таныстыруы, 2021-2022 оқу жылындағы жылдық жоспарға сәйкес атқарылған іс шаралары, «Жаңа Қазақстан» тақырыбы бойынша өз жобаларын ұсынды.
Байқау нәтижесінде:
«Үздік креатив команда» номинациясын Балпық би АОМ,
«Ең тапқыр капитан» номинациясын Қаратал ОМ,
«Ең белсенді команда» номинациясын Жалғызағаш ОМ,
«Ең адал команда» номинациясын Қоңыр орта мектептері иеленді.
Негізгі орта мектептер арасында жүлделі:
2 орын — Мичурин НОМ,
1 орынды — Мелькомбинат НОМ иеленді.
Орта мектептер арасында жүлделі:
3 орын — Т.Рүстембеков АОМ,
2 орын — Бақтыбай АОМ,
1 орын — Жетісу ОМ,
Бас жүлдені — Н.Алдабергенов АОМ иеленді.
Құттықтаймыз!
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі