Сегіз қырлы, бір сырлы

Облыстық және аудандық жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ және Қарабұлақ ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына орай  Мелькомбинат негізгі орта мектебінде оқушылар арасында “Жігіт сұлтаны-2018” атты байқауы өткізілді. Дарынды және мықты жігіттері мен олардың шығармашылық потенциалын, білімін, көзқарасын, интеллектін анықтауға және сахнада дұрыс тұру қабілетіне, қатысушылар арасында ұлттық салт-дәстүрлер мен рәсімдерді насихаттауға, ұлттық рухта тәрбиелеуге ықпал тигізу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара оң нәтижесін берді. “Жігіт сұлтаны 2018” атты сайысқа 5-9 сынып оқушылары қатысқан болатын. Сайыс  таныстыру, өз өнерін көрсету, гір көтеру, қолөнер бұйымын көрсету, қорғау, нысанаға дәлдеп тигізу (дартс) және көнерген сөздердің мағынасын ашу, сұраққа жауап беру атты алты кезеңнен тұрды. Жарысқа алты үміткер қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинап 1 орынды иеленген Махамбет Алем, 2 орынды Мұратұлы Бақашар және 3 орынды Азимбай Ерлан атты қазақтың нағыз жігіт сұлтандары түрлі сыйлықтармен марапатталды.

С. Жолдыбаев,

аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі.