СІЗДІҢ ДАУЫСЫҢЫЗ — СІЗДІҢ БОЛАШАҒЫҢЫЗ

Биылғы кезектен тыс Президент сайлауы күн санап жақындап келеді. Қарашаның 20-ы күні қазақстандықтар елдің тізгінін ұстайтын мемлекет басшысын таңдап дауыс береді.

Бұл күн тарихи маңыздылығы жоғары, жаңа бетбұрыстарға жол бастайтын Жаңа Қазақстанның алғашқы қадамдарының бірі болмақ.

Осы жолғы бір ерекшелік Президент жеті жылға бір рет сайланады. Сайланған ел басшысының келесі жолы сайлауға түсуге құқығы болмайды. Бүгінде Президенттікке үміткерлер алдағы жеті жылға жоспарлаған сайлауалды бағдарламалары бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Таңдау еркі — халықта.

Сайлауға белсенді қатысу жұрттың ел тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетеді. Сондықтан баршаңызды алда болатын сайлауда дауыс беріп, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын.

Б.Боранбаев,
Ескелді аудандық ардагелер кеңесінің төрағасы