Мемлекеттік корпорация 1414 Бірыңғай байланыс орталығының үздік қызметкерлерін марапаттады/В Госкорпорации наградили лучших сотрудников Единого контакт-центра 1414

Мемлекеттік корпорация 1414 Бірыңғай байланыс орталығының үздік қызметкерлерін марапаттады    

? «Азаматтарға арналған үкімет» 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлерін марапаттады. Іс-шараға қатысу үшін алғаш рет еліміздің түкпір-түкпірінен үздік операторлар келді. Оларға жұмыста көрсеткен жоғары нәтижелері үшін алғыс хат табысталды.  

Айта кету керек, Мемлекеттік корпорация үнемі қызметкерлердің біліктілігін арттыруына ерекше мән береді. Сондықтан марапаттаудан кейін байланыс орталығының 21 қызметкері оқыту семинарына қатысты. Сондай-ақ, операторлар басқа өңірден келген әріптестерімен тәжірибе алмасты.   

? Қызықты дерек: биыл байланыс орталығына 11,7 млн. өтініш түсті. Қызметкерлер күніне орта есеппен 40 мыңнан астам сұраныс қабылдайды.

________

В Госкорпорации наградили лучших сотрудников Единого контакт-центра 1414  

? В «Правительстве для граждан» прошло награждение сотрудников Единого контакт-центра по итогам 9 месяцев 2022 года. Впервые на мероприятие прибыли лучшие операторы со всех регионов страны. Они получили благодарственные письма за отличные результаты в работе.   

Отметим, что Госкорпорация постоянно повышает уровень компетенции персонала. Поэтому после награждения для 21 сотрудника контакт-центра был проведен обучающий семинар. Также операторы поделились опытом с коллегами из других регионов. 

? Интересный факт: за этот год в ЕКЦ поступило 11,7 млн. обращений. В среднем сотрудники обрабатывают более 40 тысячи запросов в день.