Құрметті аудан тұрғындары!

Жерлестер!

Баршаңызға белгілі санаулы күндерден кейін елімізд саяси маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.

Бүгінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлер арасынан талапқа сәйкес үміткерлері тіркеліп, еліміздің барлық аймақтарында қарқынды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.

Президент сайлауы – еліміздің болашағы, халықтың әл-ауқатының жақсаруына тікелей әсер ететін маңызды оқиға. Сондықтан да, барша ел үшін маңызы зор саяси науқанға қатысу –азаматтық борышымыз деп білемін.

«Бейбіт елде — сән бөлек, бүлінген елде — дау бөлек» – демекші, осындай айтулы сәтте барлығымыз жұмылып, сайлауға ел болып белсенді қатысып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын.

Д.Карипова,
«Ескелді ауданының әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ төрайымы