Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді мектепке дайындау

Mектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау  қазіргі таңда психология мен педагогика ғылымдарында өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оқыту мен тәрбие мазмұны терең ғылыми негізде бола отырып, көп қырлы дәстүр мен халықтың ұлттық психологиясын бейнелеуі қажет.   Бұл көптеген жұмысты талап ететін өте  ауқымды мәселе. Яғни балабақша мен мектеп арасында өзара байланысты орнату қажет.

Баланы мектепке дайындауда алға қойылатын міндеттер:

— Баланың психологиялық және арнайы дайындығының ерекшеліктерін ескеріп, дүниетанымын, ой өрісін, зейінін, қиялын, еске сақтау, қабылдау т.б. психикалық процестерін дамыту;

— Баланың денсаулығын нығайту, өмірін қорғау, сауықтыру, шынықтыру шараларын жүзеге асыру;

— Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін адамгершілік, эстетикалық, экологиялық, дене, еңбек, ақыл- ой тәрбиесі негіздерін қалау:

— Мектепалды топтарында бағдарламалық материалдарды меңгерту үшін тәулік режимін, сабақ, ойын, еңбек, серуен, демалысты өзара сабақтастыра ұйымдастыра отырып, мектептегі оқу ісіне дайындау.

— Баланың қоршаған орта турлы түсініктерін кеңейтіп, сабақта алған білімін күнделікті өмірде қолдана білуге баулу;

— Баланың мектептегі оқу әрекетін еркін игеру үшін, мектепалды бағдарламасының білім мазмұнына сай, қарапайым білім негіздерін меңгеру;

 Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы — ата-ананың, мұғалімнің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды. Түйіндей келе, бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, таным үрдістерінің дамуы болып табылады. Демек, баланы мектепке даярлау мәселесі өз өзектілігін жоғалтпайтын әлі де зерттеуді қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек.

Мурат Армангул

«Айгөлек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі