Қазіргі таңдағы бүкіл мемлекетте өршіп тұрған күрестің бірі – ол сыбайлас жемқорлық болып табылады. Жемқорлық деген сөз айтылса адамның ойына бірден пара беру немесе пара алу келеді. Неге олай десеңіз сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге дамып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған мәселелердің бірі.
Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алуды , анықтау, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою, кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы сыбайлас жемқорлық қарсы күрес жүргізіп жатыр. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, және оларға өз құқығын дұрыс пайдалануға қалаған жерінде жұмыс істеуге мүмкіндік туғызуда. Алайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтпей, одан нақты бір нәтиже шығармай, алға қойған мақсатқа толық жете алмаймыз.
Жемқорлықпен күрес науқандық шара емес. Ол тек құзырлы мекемелердің ғана міндетіне жатпайды. Онымен бүкіл халық болып күресуіміз керек.
Жемқорлыққа қарсы күрес жан — жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Біз басшылар өз қызметшілерімізбен әр кез жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел, ата – аналармен кеңес өткізіп отырсақ, бұл кішкене болса да біздің еліміздегі жыбайлас жемқорлыққа тигізген пайдамыз.
Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен баршамыз бір кісідей атсалысып, күресуіміз қажет.
Ильмира Байсултанова,
«Айгөлек» бөбекжай- бақшасының
меңгерушісі