Балалардың алғашқы қоғамдық ортамен араласуы балабақшадан басталады. Бала санасындағы білім мен білік және таным әлеміне алғашқы соқпақ салатын да, балабақша.
Адамгершілік тәрбиені алдымен отбасы,одан кейін балабақша береді ,кейін мектеп жалғастырады.
Егемен ел болып еңсемізді көтеріп,тәуелсіздіктің туын желбіреткенімізге отыз жыл болды.
Мерейлі үш онжылдықта адам да,қоғам да түбегейлі өзгерістерге түсті.
Көп табыстарға қол жеткіздік.Саяси тұрғыдан да,экономикалық жағынан да республикамыздың беделі артты.
Тәуелсіздікті нығайту үшін ұрпақ тәрбиесі өте маңызды рөл атқаратыны мәлім,сол себепті де мемлекеттік деңгейде,назардан тыс қалған жоқ.
Биылғы мектепке дейіңгі мекеме жүйесіде үлкен өзгеріс болды,бұл жаңа стандарттың оқу және тәрбиелеу үрдісіне еңгізілуі.
Мұнда баланың дамуына үлкен мән берілген.Баланың жетекші іс-әрекеті ойын болғандықтан балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, мідени-әлеуметтік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін,күні бойы балалармен ұйымдастырылатын іс-әрекеттер ойын түрінде кіріктіріліп өтуі тиіс.
Мектеп жасына дейіңгі балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп күні бойы физикалық белсенділігіне, музыканы тыңдауға,ән айтуға,мәтінді жаттауға,шулы аспаптарда ойнауға, басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт бөлінгенді талап етеді. Күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумді үйрету,ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту,сөздік нормаларды,мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылып отыр.
Біздің «Айгөлек» балабақшасы 2011 жылдан бастап бірнеше ұрпақты тәрбиелеп үлгерді. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алатындықтан,ата-анамен жоспарлы түрде әр түрлі іс-шаралар жүргізіп оң нәтижесін тапты.
Әрбір топ тәрбиешілері өз ата-аналарымен жоспар бойынша әр түрлі тақырыпта сайыстар,дөңгелек үстел,маслихаттар өткізіп,ата-ананың балабақшаға деген көзқарастарын өзгертіп,қызығушылықтарын арттырды.
Балабақшамызда оқу-тәрбие жұмысы педагогикалық талаптарға сай өрбуде. Мүмкіндігінше халықтық педагогиканы қолдануға тырысамыз. Балалармен өткізетін іс-әрекеттер,ойындар бала қиялын қанаттандыруына, ой-өрісінің дамуына, танымын кеңейтуге көмегі тиетіндей етіп ұйымдастыруға күш саламыз. Тәрбиешілер білім жолында тынымсыз еңбек етіп,шығармашылық ізденуден,үйренуден жалықпайтын жандар болса ғана табысқа жете алады.Бұгінгі жас ұрпақты тәрбиелеп қана қою аз,оны жан-жақты дамыту,жаңаша оқыту қажет.
Сондықтан да казіргі білім саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап ,білім берудің озық технологияларын меңгеріп,сауатты,заман талабына сай тәрбиеші-ұстаз болу ол біздің басты міндетіміз деп білемін.
Асия Сулейманова,.
«Айгөлек» бөбекжай- бақшасының
1-ші санаттағы тәрбиешісі
Ескелді ауданы