«Балалар жылына» орай өткізілген іс-шаралар
(Тәрбие бағытындағы жұмыстар)

Бүгінгі қоғамның мүддесіне лайықты, жан-жақты жетіліп, дамыған, парасатты азамат тәрбиелеп, өсіру балабақшаның, барша елдің міндеті. Осы міндеті орындауда мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің балабақшаның атқарар орны шексіз болып табылады. Алғашқы білім алу сатылары болып, айналадағы қоршаған орта туралы түсініктері мен құзыреттіліктері қалыптасады.

Мектепке дейінгі білім беру саласының басты  міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Әрине бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасу мен дамуына педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Тәрбие мен білім- егіз деп, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу, білімді жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр.     

«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы-біздің жалпы ұлттық міндетіміз» Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқандай, биылғы 2022 жылды Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялады.  Балалар жылында балабақша педагогтары  ерекше серпінмен жұмыс жасады.Себебі біздің барлық жұмысымыз кішкентай бүлдіршіндермен тығыз байланысты. Әркез ата-ананың көз қуанышына айналған бүлдіршіндеріміз бақытты болғанын қалаймыз. Ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын балалардың жан-жақты болуы үшін педагогикалық әдістемелерге сүйене отырып, кешенді іс шаралар өткізілді.   1 маусым балалар қорғау күніне өткен «Қазына аралы» атты іс шаралар өкізілді. Іс-шара барысында қызықты ойындар ұйымдастырылып «Қазынаға апарар жол» ойынында балалар қызыға ойнап көңілдері көтерілді.  Балалар арасында өткізілген «Көркем өнерпаздар байқауы» өткізілді. Балалар арасында өнерлі балалар анықталып марапаталды. «Алақай жаз келді» челленжі өткізілді. Челленж «Күншуақ» балалар бақшасынан қабылданып «Айгөлек» балалар бақшасына жолданды.  Балабақшамыздың жаздық-сауықтыру іс-шаралар жоспарына сәйкес «Толағай» отбасылық сайысы өткізілді. Сайысқа 4 отбасы қатысып. Әр кезеңнен сүрінбей өткен отбасыларға жүлделі орындар марапаталды.

Балабақша – тәрбиенің алтын бесігі. Бала өсіп келе жатқан шыбық секілді екен рас. Оған алдыңғы буынның әрбір әрекеті дұрыс дүние секілді көрінеді. Қалай баптайсың, соның жемісі өзіңе қайтады. Сол себепті әрбір тәрбиеші мен ата-аналар  үлкен жауапкершілікпен қарау керек деп есептеймін.

Асем Абдрахова,

 тәрбиеші

«Балдырған» балалар бақшасы,

Жетісу ауылы