Жергілікті әскери басқару органдарының
мемлекеттік қызметтер көрсету

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы елдің стратегиясының негізгі мақсаттарының бірі – мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, болатын сыбайлас жемқорлық көріністерін толық жою.

Бүгінгі таңда Қорғаныс министірінің басшылығы жергілікті әскери басқару және басқару органдарының тиімді жұмыс істеуі үшін заңнамалық денгейі де, ведомствалық денгейі де барлық қажетті нормаларды әзірледі, оларға өзгерістер мен толықтырулар тез енгізілуде. Қазіргі уақытта жергілікті әскери басқару органдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы тіркеу орны бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарына келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

— Қабылдау пунктеріне тіркеу туралы куәліктер мен жұмысқа қабылданушыларға куәліктердің түпнұсқасын беру;

— Офицерлдерге, сержанттарға, запастағы сарбаздарға әскери билеттерді немесе олардың түпнұсқаларын (әскери билеттің орнына уақытша куәлік) беру;

— Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәлік беру;

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі сыбайлас жемқорлықтың таралуына ықпал ететін себептерді анықтау мен жою жөніндегі мемлекеттік функцияларды іске асыру тетіктеріне егжей – тегжейлі талдау жүргізді және осы жұмыстың нәтижесінде 2020 жылдың қарашасында жергілікті әскери басқару органдары мемлекеттік қызметтер тізіміне қосылды. Атап айтқанда екі мемлекеттік қызмет:

— Әскерге шақырудан кейінге қалдыру;

— Азаматтарды әскери қызметтен босату;

Ол электронды үкімет порталы мен оның мобильді қосымшасы арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Кез келген сұрақтар бойынша Ескелді және Көксу аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне хабарласа аласыздар 8 728 36 3-82-26

С.Жумаханова,

Бөлім бастығының көмекшісі (әскери патриоттық жұмыс және

Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс жөніндегі) азаматтық персонал