Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысыны¬ң саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Қазіргі таңда заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Мемлекеттік кадр саясатын қалып-тастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.
Жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз не?
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз — көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Біздің білім беру мекемесі Жетісу орта мектебі 5 бағытта мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1.Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепте құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау.
2.Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы мектепке бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау.
3.Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьдерде демалуы үшін құжаттар қабылдау.
4.Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.
5. «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектепте жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттарын тағайындау және бекіту үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау».
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беріледі (өтініш түскен мерзімнен бастап бес күн ішінде) қызмет көрсетіледі;
3) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің барынша шекті уақыты – 30 минуттан аспайды;
8.Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9.Мемлекеттік қызмет оқу жылы бойы көрсетіледі:
белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет электронды және қағаз түрінде де іске асуда. 2021-2022 оқу жылында 50 % мемлекеттік қызмет көрсету электронды түрде іске асса, 50 % қағаз түрінде жүрді. Биылғы оқу жылында мемлекеттік қызмет көрсету электронды түрде 70-80% жетті. Мектептегі мемлекеттік қызмет көрсету өз деңгейінде өтуде. Жетісу орта мектебіне барлық қызмет берушілер өз ризашылығын білдіріп, жақсы деген баға беруде.
Айжан Алтаева,
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің «Жетісу орта мектебі Екпінді, Жеңдік бастауыш
мектептерімен» КММ
Іс қағаздарын жүргізушісі