ҰБТ-нәтиже кепілі

Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді ұрпақ десек,  «Сапалы білім беру – оқу-тәрбие үрдісінің негізі мақсаты».

Сапа – оқушының тынымсыз еңбегінің,  ал оқытушының  шығармашылығымен  ізденісі мен  жүйелі жұмысының  нәтижесі екені сөзсіз. Осы сапа көрсеткіші  ҰБТ  қорытындысымен анықталады. Жыл сайын мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Әр тестілеу сайын мыңдаған ата-ана мен ұстаз бұл айрықша емтиханның нәтижесі қалай болар екен деп қобалжиды. ҰБТ — мектептің, мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың  қызметіне баға беретін өзіндік бір ерекше шара болып табылады. Бұл баға мектеп үшін де, ата-ана үшін де, оқушылар үшін де оңды болуы үшін, белгілі бір дәрежеде күш-қуат жұмсау қажет болады.

Қандай да бір жұмыстың нәтижелі болуы – ең алдымен дұрыс жоспарлаудан басталады.  Сондықтан ҰБТ — ге  сапалы дайындықты қамтамасыз ету үшін, ең алдымен дайындық жоспары жасалады,осы жоспардың негізінде  негізгі және таңдау пәні мұғалімдері өз жоспарларын жасап , жеке ұсыныстарын  қосады.

ҰБТ-ге дайындықты тәжірибелі,білімді және білікті ұстаздар жүргізуі қажет.Сонымен қатар ҰБТ мектеп әкімшілігінің басты назарында болып,үнемі педагогикалық кеңесте,әдістемелік кеңесте,кіші педкеңесте ҰБТ-ге байланысты мәселелер жан-жақты қаралуы тиіс.

Мектеп түлектері жақсы көрсеткішке жету үшін пән мұғалімдері оларды жан-жақты дайындауы керек.Оқушыларды психологиялық жағынан дайындау маңызды орын алады.Ең бастысы оқушыларды ҰБТ-ға тест сұрақтары ғана емес,оқу бағдарламасындағы тақырыптарды толық меңгерте отырып,өз білімдерін нақты көрсете алатындай етіп дайындау.

Біздің мектеп ұжымы да 2021-2022 оқу жылында мектеп бітіруші түлектерді олардың өміріндегі ең негізгі емтихан ҰБТ-ге   дайындық жұмыстарын жыл көлемінде жүргізді.Арнайы дайындық кестесі құрылып,мектеп оқушылары осы кестеге сәйкес дайындыққа қатысып отырды. Сонымен қатар оқушылардан тестілеу жұмыстары алынып,нәтижесі тексеріліп,педагогикалық және директор жанындағы кеңестерде талқыланып отырды.Мектебімізді 2021-2022 оқу жылында 35 оқушы аяқтады.35 оқушының 18-і ҰБТ-ге қатысып,18 оқушының 9-ы Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарына грантқа түсті.Бұл біздің мектебіміз үшін жаман көрсеткіш емес.Алайда бұл нәтижеге мектеп ұжымы талмай еңбектену мен шығармашылық ізденіс нәтижесінде жетті деп айтуға болады.Мектеп  оқушыларының ата-аналарымен де  тығыз байланыс орнатылып,жыл көлемінде  үнемі мектеп-ата-ана қарым-қатынасында жұмыстар жүргізіліп отырды.Осындай  бірлескен жұмыс нәтижесінде мектеп ұжымы ҰБТ нәтижесі бойынша аудан мектептері арасында төртінші орынға ие болды.Бұл нәтиже Жетісу орта мектебінің мұғалімдері үшін толыққанды нәтиже емес .Алайда мектебіміздің мұғалімдері өздерінің білімділігі мен шығармашылығы арқасында талмай еңбектеніп,түлектерімізге сапалы білім беру үшін барлық жағдайды жасады деп ойлаймын.Осындай талмай еңбек ету нәтижесінде мектеп оқушылары 83,8 орта балл нәтиже көрсетті.

Білім саласы қызметкерлерінің алдында  келешегі кемел  «ҚР Білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламасын» орындау міндеті тұр.   Бұл бағдарлама білім беру жүйесін   дамытудың шешуші кезеңі болмақ.  Жылдан-жылға білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы  нығайтылып, педагог кадрлардың  сапалық құрамы көтеріліп,  мұғалімдер  оқушыларға    заман талабына сай  білім беруде.    Жас ұрпақтың сапалы білім алуға, жоғары мәдениетті болуға, бірнеше тілді меңгеруге,  ақпараттық технологияларды жетік меңгеруге ұмтылыстары ерекше. Бүгінгі мен кешегі оқушының арасы жер мен көктей деуге толық негіз бар. Бүгінгі оқушы Интернет желісімен толық жұмыс жасай алады, түрлі сайыстарға қатысып, білімін толықтырады, қашықтықтан білім ала отырып,  өзінің тиянақты  біліміне сәйкес ЖОО-ның грант иегері атанады. Сондықтан да қазіргі таңдағы  баланы тез дамып жатқан өркениетте өз орнын табуға үйрету – біздің  басты міндетіміз.

М.Ш.Онгарбекова,

«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің «Жетісу орта мектебі Екпінді, Жеңдік бастауыш

 мектептерімен» КММ

Оқу ісінің орынбасары