Аудандық пікірсайыс лигасының ашылу салтанаты

27 қазан күні Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебінде «Аудандық пікірсайыс лигасының ашылу салтанаты» өткізілді. Семинарға 25 негізгі, орта мектептердің педагог-ұйымдастырушылары, дебат жетекшілері және пікірсайыс клубының мүшелері қатысты. Іс-шарада аудандық лига үйлестірушілері сайланып, Жақыпбаев атындағы орта мектебінің дебат жетекшісі Н.Қазырбай “Дебат қозғалысының дамуындағы кедергілері”, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Н.Кабдуллаев “Дебат қозғалысына оқушыларды, жетекшілерді ынталандыру”, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Д.Айтмұхан “Өңірлік лиганың құрылуы” тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі