Мектеп директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларымен аудандық семинар

27 қазанда мектеп директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларымен аудандық семинар өткізілді. Семинар барысында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы әдіскерінің іс-тәжірибесі таратылды. С.Джуманова әріптестеріне «Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды оқу процесіне тарту» тақырыбында презентация жасап, барлық оқушыларды олардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, оқуға тартуды жоспарлауға қойылатын талаптарға тоқталды. Осы бағыттағы тапсырмаларды қысқа мерзімді сабақ жоспарына енгізу ерекшеліктерімен таныстырды.
Сонымен қатар мектептегі әдістемелік жұмысты сапалы ұйымдастыру бағытындағы айлық, апталық жұмыс жоспарларымен бөлісіп, әріптестерінің сұрақтарына жауап берді.

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі