«Педагогикалық дебют – 2022»

28 қазан күні Абай атындағы орта мектебінде жалпы білім беру мекемелерінің жас мамандарына арналған аудандық «Педагогикалық дебют – 2022» байқауы өткізілді.
Байқау 2 кезеңнен тұрды:

  1. «Өзін-өзі таныстыру» кезеңі;
  2. «Әдістемелік қоржын» кезеңі (байқау тапсырмасын TED форматында ұсыну).
    Байқаудың екі кезеңі аяқталып, әділқазылар алқасы қорытындысын шығару кезінде байқау қатысушылары мен қонақтарға мектеп тарапынан арнайы дайындалған концерттік бағдарлама көрсетілді.
    Байқау нәтижелері шығарылып, марапаттау рәсімі жүргізілді.
    Конкурс қорытынды бойынша келесі жас мамандар номинацияларға ие болды:
  • «Креативті жас маман» — Сейфуллин АОМ жас маманы Абилханова Динара Руслановна;
  • «Зерттеуші жас маман» — Ш.Уәлиханов АОМГ жас маманы Қылышбек Айбек;
  • «Жас новатор» — Шестаков АОМ жас маманы Қалиахмет Айнур Бақытқызы
    Негізгі орта мектептер арасында:
    I орын – Мичурин АНОМ жас маманы Муса Ерлан Умирбекулы;
    II орын – Мелькомбинат НОМ жас маманы Ануфриева Светлана Юрьевна;
    Орта мектептер арасында:
    I орын – Абай АОМ жас маманы Құрманғали Шынар Болатқызы;
    II орын – Титов АОМ жас маманы Баймухамбетова Камшат Жумабаевна;
    III орын – Мәметова АОМ жас маманы Дарханова Лаура Дарханқызы.
    Аудандық кәсіподақ ұйымы тарапынан I, II, III орындарының иегерлері «МультиДом» сауда үйінің ақшалай сертификаттарымен марапатталды.
    Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Облыстық кезеңге өткен әріптесімізге сәттілік тілейміз!

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі