Дарынды балаларымен жұмыс атқаратын әдіскерлері және психологтарға тәжірибе алмасу семинарын өткізді

28 қазан күні Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясында «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығының педагог-психологтары Г.Манджекова мен С.Уалибекова «Qabilet» электронды платформасы арқылы «4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың дарындылық қабілетін айқындау мақсатында Ескелді ауданы білім беру ұйымдарының дарынды балаларымен жұмыс атқаратын әдіскерлері және психологтарға тәжірибе алмасу семинарын өткізді. Семинарға аудандық білім ұйымдарынан 27 дарынға жауапты мамандар мен 32 психолог қатысты. Сонымен қатар, 10-11 жастағы 10 оқушыдан электронды платформа арқылы сауалнама жүргізілді.

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі