Қамқоршылар күні

28 қазан күні «29 қазан Қамқоршылар күні» мерекесіне орай Ескелді ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қаратал орта мектебінде «Мейірім сәулесі» тақырыбына сәйкес мерекелік іс шара өткізілді. Шараға жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуде ат салысқан 58 қамқоршы және қорғаншылар қатысты. Мерекелік шарада ата-аналарға құттықтау тілектер айтылып, мерекелік дастархан ұйымдастырылып, «Балалардың барлығы бақытты болуы үшін жаралған» атты концерттік бағдарлама мен арнайы қойылым қойылып, «Сіз өз балаңызды қаншалықты білесіз?» атты психологиялық ойын ойнатылды. Шара қорытындысында әр ата-ана бөлім басшысының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі