Аңдатпа: Мeктeпкe дeйiнгi жac — бұл жeкe тұлғaның қaлыптacуындaғы мaңызды кeзeң, coндықтaн қaзiргi кeзeңдeгi мeктeпкe дeйiнгi бiлiм бeрудiң мaқcaты, бeлгiлi бiр бiлiм көлeмiн қaлыптacтыру ғaнa eмec, coнымeн бiргe жeкe тұлғaның нeгiзгi қaбiлeттeрiн, eрeкшeлiктeрiн oның әлeумeттiк жәнe мәдeни дaғдылaрын, caлaуaтты өмiр caлтын қaлыптacтырудың нeгiзi бoлып [1] тaбылaды.
Біздің болашағымыз ол әрине, өсіп келе жатқан алдыңғы буынымыз, балабақша түлектерінің басты баспалдағында. Ал, олардың құқықтары мен заңды әлеуметтік саяси мүдделерін қорғау мына ересек тұлғалардың қолында. «2022 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы» [2] деп жариялады. Соның негізінде Елбасымыздың қолдауымен биыл балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Елбасымыздың қолдауымен биыл бұған дейін ешқандай бұндай жоба қарастырылмаған, еліміздің ертеңі үшін Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2022 жылды Балалар жылы» деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытындағы іс — шаралар басты назарға алынуы керек екенін айта отырып, өз тапсырмасын айтқан еді.
«Қарастырылып жарыққа шыққан, іс – шараның басты мақсаты – балалардың зияткерлік, физикалық, адамгершілік, рухани дамуына ықпал ететін жағдайлар жасау арқылы олардың өмір сүру сапасын нығайтып, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. Олар 7 бөлім бойынша 50 тармақтан тұрады.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін 34 мыңнан аса орынға 322 балабақша ашу көзделген. Келеңсіздіктерге жол бермеу үшін әсіресе жекеменшік ұйымдарда қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.
Күні кеше ғана Елбасымыз ұсынған, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 1,5 есеге ұлғайту туралы ұсынысты енгізу, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету, туризмді насихаттау, сонымен бірге «Әжемнің ертегілері» онлайн жобасы қолға алынады.
7-бөлімінде яғни соңғы бөлімде «BALA_TIME.KZ» жобасы бойынша балалар мәселелері негізіндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын іске асыру қарастырылған. Балалар жылына арналған іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етудің медиа-жоспарын әзірлеу, балаларға арналған арнайы медиа өнімдерді шығару және тарату: деректі фильмдер, сериалдар, телешоулар, GIF-тер, әлеуметтік желілердегі имидждік өнімдер, «Балапан» телеарнасындағы мультимедиялық және танымдық контентті көрсету және «Дана бала» www.danabala.kz балалар әдебиеті сайтының мазмұнын еліміздің қаламгерлерінің кітаптарымен толықтай енгізіліп толықты.
Сөз соңында, қорыта келе, балалар жылына арналған биылғы іс-шаралар реті осылай. Мемлекет басшысы айтқандай, мұның бәрі жалаң ұран мен мерекелік шаралар деңгейінде қалып кетпесе, аталған жобалардың бәрі де балалардың, әсіресе мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын жақсартуға, сапалы білім алып, балалардың креативті ойлауына, өздерін дамытуға ықпал етері сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мовкeбaeвa З.A. Вoпрocы пoдгoтoвки пeдaгoгичecкиx кaдрoв Рeспубликe Кaзaxcтaн к рaбoтe в уcлoвияx инклюзивнoгo oбрaзoвaния / Мoвкeбaeвa З.A. // Пeдaгoгикa и пcиxoлoгия. – 2013. — № 2 (15) – C. 6-11.
2. Қасым – Жомарт Тоқаевтың 2020 – жолдау бағдарламасынан.
Рыскүл Төлеубаева,
«Жетісу обылысының білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің «Балбөбек» балалар бақшасының «Айбөбек» кіші тобының тәрбиешісі