Аңдатпа: Қазіргі таңдағы балабақша жүйесі күннен – күнге қолға алынуда. Балабақшада жұмыс атқаратын қызметкерлердің оқу бағытына деген міндеттерінің жүйесі айырықша. Соның ішінде әдіскердің ең басты педагогикалық міндеті ол балалардың оқуы мен тәрбиесі бойынша атқарылатын жұмыс бағыттары. Мектепке дейінгі әдіскер қызметінің негізгі оқу бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстары төменде көрсетілген.
Дәл қазіргі сәтте мектепке дейінгі ұйымдарда атқаратын әдіскердің басты екі мақсаты тұр.
Алғашқы мақсаты – балабақша балаларының физикалық сапасы және еңбек ете білуін дамыту, білім, дағды және танымның нақты жүйесін анықтау, өздерінің танымдық қажеттіліктері мен интеллектуалдық қызығушылықтарын қанағаттандыру, өз ақыл-ес мүмкіндігі мен тәуелділігін толық түрде ашуға мүмкіндік алу.
Енді екінші мақсатқа – әр баланы мәдениетке, адамгершілік, шығармашылық, белсенділік және әлеуметтілікке тәрбиелеу басты назарда. Екінші мақсаттың бұл түрі балабақшаның оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асады.
Әдіскер жұмысының міндеті осы міндеттер негізінде іске асырылады:
-диагностикалық;
-танымдық;
-болжау;
-бақылау-түзету.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы әдіскер жеке қызметіне әртүрлі функциялық міндеттерді орындайды: ұйымдастырушылық, әдістемелік және әкімшілік.
Балабақша әдіскерінің ұйымдастырушылық функцияларына мыналар жатады:
• мектепке дейінгі білім беруде оқу-тәрбие үдерісінің жағдайын талқылау;
• балабақша жұмысын ұйымдастыруда табыс жағдайлары және сәтсіздік себептерін шығару;
• балабақшада баланы оқыту мен тәрбиелеу үдерісінің барлық қатысушыларының жұмысын болжау;
• алдағы жұмыс мазмұны, формасы мен әдісін өңдеу;
• барлық педагогтар жұмысының нәтижесін талқылау анализі.
Мектепке дейінгі мекемедегі әдіскердің ұйымдастырушылық құрылымдық мақсатының бірі – баланың жеке тұлғасын қалыптастыру бойынша барлық педагогикалық процесс жұмысының тиімділігін және сапалылығын қамтамасыз ету.
Әдіскер деп – кәсіпқой, яғни, балабақшада оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырушы бас маман иесі болып саналады.
Әдістемелік жұмыс үдерісінде әдіскердің басты жұмысы төмендегідей көрсетілген:
-тәрбиешілердің педагогикалық біліктілігін арттыруды ұйымдастырады,
-педагогтардың шығармашылық дамуын ұйымдастыра алады,
-педагогтық жас мамандар жұмысын ұйымдастырады,
-қызметтегі әріптес мамандарының тәжірибесі мен шеберлігін зерттеумен айналысады,
-педагог мамандардың олардың жасаған жұмыстары мен жетістіктерін талқылап, қорытады,
-балабақша педагогтарының дарындылығы мен кәсіби дағдыларын кеңірек ашу үшін барлық жағдайына көмектеседі.
Сонымен сөз соңында айтарым, балабақшадағы әдіскердің әкімшілік құрылымы өзінің күнделікті жұмысында басымдылық бола алмайды. Мектепке дейінгі ұйымдарда әдіскердің — басты міндеті педагог жұмысының жүйелі оқу-тәрбие жүйесін құру бойынша әдістемелік және ұйымдастырушылық міндеттері мен мақсаттарын жүйелеу.
Асем Бушен,
«Жетісу обылысының білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің «Балбөбек» балалар бақшасының әдіскері