«Экстремизм» термині сөзбе-сөз (лат. Еxtremus – шеткі) шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару ретінде анықталады. Экстремизм – әруақытта әр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс.
Ал «терроризм» ұғымына қатысты көптеген анықтамалар мен түсіндірмелер болғандықтан, жұртшылыққа ортақ анықтама беру қиынға соғады. Алайда, оның «зорлық зомбылық», «қорқыныш пен үрей туғызушылық» және «кінәсіз адамдарға кесір тигізу» сынды басты белгілерін айқындай кетуге болады. Бұған негіздесек, терроризм «үкімет немесе қоғамды белгілі бір саяси талаптарды қабылдауға мәжбүрлеу мақсатында жүйелі түрде жасалатын қоқан лоққы мен зорлық зомбылық» деуге болады. Ендігі кезекте экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдарына тоқталайын. Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бүгінгі ғылым мен технологияның дамыған заманында баршамызға ақпарат тарату құралдарының кең тараған түрі – ғаламтор желілері. Мұның пайдалану үрдістері де әртүрлі. Өйткені, бүгінгі жастардың санасы мен психологиясы һәм тұрмыс-тіршілігі ғаламтор әлемімен тығыз байланысты екені белгілі. Осы ретте отандық дін ғалымдары ғылым мен білім, тағылым жолында іс жүзінде мешіт-медреселерде және өзге де діни орындарда уағыз-насихат жұмыстарын жүргізген уақытта радикалдық топтар ғаламтор желілері арқылы дәстүрлі емес, экстремистік идеологияларын таратуға кірісті. Осы орайда, жат ағымдардың интернет желілерін пайдалану тәсілдеріне тоқталғанымыз жөн.Жалпы террордың ұлты да, діні де жоқ. Сол тұрғыдан мұсылман адамның террорист болуы әсте мүмкін емес.
Баланы қадағалау немесе әлеуметтік желілерге шектеу қою қалай жүзеге асады? 1) Әрбір ата-ана алдымен ғаламтор желілерін өзі пайдаланып, әрдайым баласымен тығыз байланыста болуы керек; 2) Баласынан әлеуметтік желідегі жеке аккаунтының құпия сөзі мен логинін алып, әрдайым кіріп қадағалап тұрғаны дұрыс; 3) Баланың парақшасына әрдайым кіріп, жазбаларына қарап, рухани дүниетанымын үнемі қадағалағаны дұрыс; 4) Парақшасында экстремистік және террористік жазбалар болса, дереу психолог немесе дін маманымен хабарласқаны қажет; 5) Баланың тіркелген бірлестіктерін қадағалау керек. Әдетте, жат ағымдар бірлестіктерге жастарды тіркеу арқылы идеология таратады; 6) Дін істері комитеті («Е-ислам») және ҚМДБ – («муфтият.кз») қарамағындағы сенімді сайттар мен бірлестіктерге тіркеліп, ресми мекемелермен тығыз байланыс орнатқанның да артықшылықтары мол; 7) Дін мәселесінде сұрақтар туындаса, сенімсіз бірлестіктерден, яки, радикалды бағыттағы арбаушылардан сақтану керек; 8) Отандық ғалымдар, мамандар мен сарапшылармен байланыс орнатқан жөн; 9) Тек сенімді бірлестіктерге тіркелу қажет; 10) Кез-келген күдік туғызған сұрақтарды «Фатуа.кз», «Е-ислам» ресми сайттарына жолдап немесе 114 қауырт желісіне қоңырау шалып, анық жауабына көз жеткізген дұрыс. Тағы да айта кетейік, ғаламтордағы, әлеуметтік желілердегі ақпараттарға өте мұқият болып, кез келген мәселенің дұрыс-бұрысын анықтауда дін мамандарынан сұрауларыңызды,өтінеміз!
Гульнара Стамбекова,
«Жетісу обылысының білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің
«Балбөбек» балалар бақшасының
«Құлыншақ» ортанғы тобының тәрбиешісі