Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік қызмет көрсету дегеніміз- көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.

Көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

Елбасы белгілеп берген мін¬дет¬тердің маңыздылығын ескере отырып, ел Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев алдымызға мемлекеттік қызмет саласын одан әрі дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Басым міндеттердің ішінде мем¬лекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және оларға қолже¬тімділікті жақсарту, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау бойынша шаралар кешенін әзір¬леу және Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру жұмыс-тары бар. Қазақстанның мемле¬кеттік қызмет жүйесінің дамуы саяси, экономикалық және қоғамдық қатынастардың өзгеру үдерістерімен тығыз байланысты. Сондықтан біз жаңа жағдайларда мемлекеттік қызметтің тиімді жұмыс істеуі үшін елде болып жатқан барлық өзгерістерге немқұрайлы қарамауымыз қажет.

көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

Яғни ендігі жерде мемлекеттік қызмет көрсету сапа¬сы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиім¬ділігінің басты көрсет¬кіші болады және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналуы тиіс. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Анар Мамыраемова,

«Жетісу обылысының білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша  білім бөлімі»

Мемлекеттік мекемесінің «Балбөбек» балалар бақшасының «Еркетай» мектеп алды даярлық

тобының тәрбиешісі