Оқу бағыты бойынша жұмыстар

Қазіргі таңда жан – жақты жетілген,білімді азамат дайындау – қоғам алдындағы үлкен міндет. Бала болашағымыз десек,сол балаға жүйелі білім беріп, ынта –ықыласын дұрыс бағыттауды,қабілетін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек.

Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен балабақшада педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс – тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік берді.Сондықтан оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізіп, оны тиімді  пайдаланып,балаларға сапалы білім беру, жан – жақты дамыған бүлдіршіндерді тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз.Осы мақсатты іске асыру барысында біздің балабақшамызда жылдық перспективалық жоспар, апталық циклограмма, баланың даму мониторингі құрдық. Біздің балабақшада сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланып жұмыстанудамыз.Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты өлшемі – оның тиімділігі баланың қызығушылығын арттырады, іскерлік дағдысы,ойлау белсенділігі,тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады. Яғни балаларды бірін – бірі сыйлауға, бір – бірінің сөзін тыңдауға, ынтымақтастықта болуға дағдыландырады.

Әр жұмыс күні таңғы жиыннан басталады. Таңғы жиын балалардың ертеңгілік жаттығу жасау, бір – біріне тілек айту, жағымды әуен тыңдау түрінде өтеді. Таңғы жиыннан кейін негізгі орталықтардағы жұмыстар басталады. Орталықтардағы жұмыстар тәрбиешілерден үлкен жауапкершілікті және шығармашылықты қажет етеді. Әр түрлі орталықта жұмыс жасау кезінде балалардың өздерін әр қырынан көрсете отырып жұмыстануы, олардың танымдық қабілеттерін дамытуы арқылы білімдерін шыңдай түседі. Балалардың жан – жақты дамуына ықпал ететін жеке жұмыстар, саяхаттар, жарыстар,

ертеңгіліктер,балаларға арналған бағдарламалар мен мультфилімдер көрсетіледі.

Біздің балабақшада әр топтың ішінде заттық  — кеңістіктік дамытушы орта берілген. Заттық –дамытушы орта бес орталықтан тұратын ойын алаңы.

«Өнер» орталығы.

«Драматизация орталығы»

«Ойын орталығы»

«Кітап орталығы»

«Музыка орталығы»

Балабақшада заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру барысында мектепке дейінгі ұйым педагогтарының күрделі, көп жоспарлы және жоғары шығармашылық қызметі қажет.Біздің балабақшамызда заттық-дамытушы орта ол, тәрбиешілердің қажырлы еңбегінің жемісі.

«Өнер» орталығы.

 «Драматизация орталығы»

«Ойын орталығы»

«Кітап орталығы»

«Музыка орталығы»

Жалпы мектепке дейінгі ұйымдарда заттық-дамытушы ортаны ұйымдастырудың маңыздылығы — бұл баланың мақсатын және міндеттерін шешетін ізденіс алаңы.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің басты міндеті балалардың эмоцианалды жайлылық және психологиялық қорғаныс сезімін туғызу. Балабақшада бала өзін сүйкімді, әрі қайталанбас тұлға ретінде сезінуі тиіс. Сондықтан тәрбие процесі жүретін орта маңызды болып табылады.Осы мақаламда балабақшадағы дамытушы ортаны ұйымдастыру барысында тиіс ең маңызды сәттерге назар аударуға тырыстым.

Біздің «Балапан» бөбекжай балабақшасында мектепке дейінгі баланың дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Тәрбиелеу мен оқытудың жаңа түрлерін қолдану,көп іздену, дайындалу, қосымша әдебиеттерді орынды қолдана білу әр тәрбиешінің негізгі мақсаты.

Мектепке дейінгі баланың жеке басын және танымдық процестерін дамыту, қарым – қатынас дағдыларын және тұтастай алғанда айналадағы әлеммен өзара іс – қимылын қалыптастыру баланың даму ортасын ұйымдастыруымен тығыз байланысты.

Сания Куатова,

«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балапан» бөбекжай бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының  тәрбиешісі