Біз қазіргі таңда жаңа қоғамда өмір сүріп жатқан жайымыз бар.Осы жаңа қоғамның ең басты сипаты іскерлік екені сөзсіз. Сондай-ақ іскерлік жолындағы жетістіктеріміз аз емес. Алайда біз өмір сүріп жатқан қоғамда күрделі мәселелерде белең алуда. Қазіргі заманда түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселенің бірі-коррупция.
Елімізде сыбайлас жемқорлық-заман ағысымен өсіп-өркендеуін, қоғамдық бәсекелестік болған өңірлерде тамырын кеңінен жайып, қазіргі таңға дейін жойылмай келе жатқан ауыр кеселдің бірі болып табылуда.Бұл ауыр кесел дамыған елдердегідей, біздің елімізге де қиында, орасан зор нұқсан келтіруде.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның қазіргі таңдағы ең қиын мәселелердің бірі болып отыр.Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы » Заңына сай, сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресті барлық атаулы мемлекеттік органдар және қызмет атқаратын тұлғалар жүргізуі тиіс. Біздің елде сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқаттардың бірі емес. Қоғамдағы салауатты, таза ортаны шарпып, тыныс тіршілікті тарылтатын, азаматттардың жұмыс жасауларына қатер төндіретін дертті болдырмаудың негізі халықтың қолында..
«Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние байлық не керек, денсаулығың болмаса», « Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз заң саласында қызмет етіп келе жатқан қызметкерлердің де бағдары сияқты. Ел басы жолдауында: «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сай жазаланасың» дейтін басты ереже бар.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте барлық жеке тұлғалар заң мен сот алдында тең жауапқа тартылады. Бірақта дейтін мәселе — жең ұшынан жалғасын тауып, көз қысты- бармақ басты қасиет табан ізімен қалмай келеді. Жемқорлықтың қарапайым мағынасы- лауазымды тұлғалар, саяси қызметкерлер мен мемлекеттік шенеуліктердің қызметтерінде сатқындық танытуы . Сыбайлас жемқорлыққа байланысты мәселе әрқашан елбасымыздың назарында болады.Елбасымыздың Қазақ халқына арналған жолдауында «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, соған байланысты жемқорлықпен күресу-жалпы ұлттың міндеті»- деген болатын.
Талшын Райсова,
«Жетісу обылысының білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің «Балбөбек» балалар бақшасының «Айбөбек» кіші тобының тәрбиешісі