Ұлт көшбасшысы–Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев: «Біз қазір «білім – ғылым – инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз» деген еді.
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Технологияның дамып, шарықтап тұрған шағында өскелең ұрпаққа не бере аламыз?
Осы сұрақтар бізді жаңа замандағы жаңашыл педагог деген ұғымға әкеледі. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы — мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс — тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан — жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті, мағынасына өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау-үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивті бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі — мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану.
Қазіргі заманғы Z буынды ұрпақттар ол- техника құралдарын ата-аналарынан әлдеқайдда тез меңгерген, материалдық молшылыққа, қалаған затының табылатындығына дағдыланған, сәби күнінен өзімен санасуды талап ететін, жасөспірім шағынан болашақ өміріне жоспар құрып үлгерген, сәтті, әдемі өмір сұруді мақсат қойған ұрпақтар.Енді біз жаңашыл педагог ретінде осы Z ұрпақты болашаққа дайындауда шығармашылық, сыни ойлау, қарым-қатынас және бірлесіп әрекет ету мәселелеріне назар аударатын дағдыларға дайындауымыз керек.Қазіргі заманғы балаларда «мен» ұғымы қалыптасқан, сондықтан «Бала үнін» тыңдай отырып, ұрпақ сұранысына қарай бейімделуіміз керек. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жаңартылған оқу бағдарламасының балалардың жеке тұлға болып қалыптасып дамуына жаңа әдіс-тәсілдермен жетуге болады. Оқыту және оқу тәжірбиесіне жету үшін баламен жеке жұмыс жасағанда, баланың неге қызығушылығының бар екенін байқап, одан әрі арттыру үшін, тікелей бақылауға аламыз. Ұйымдастырылған іс-әрекетте балалардың үнін тыңдап, ойын түрлерін дұрыс ұйымдастырып, жетелеуші сұрақтарды дұрыс қоя білгенде, SMART мақсатқа жетуге болады. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, үнемі біліктілігін арттырып, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала мен оның қажеттеліктерін басты назарда ұстайтын білімді педагогтар ғана жұмыс істей алады.Демек алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында бүлдіршіндердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шығарына сеніміз мол!
Алмагуль Чанчарова,
«Жетісу обылысының білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің
«Балбөбек» балалар бақшасының
«Еркетай» мектеп алды даярлық
тобының тәрбиешісі