«Балалар жылына» орай өткізілген іс-шаралар

(Тәрбие бағытындағы жұмыстар)

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі,өсіп келе жатқан жас ұрпақ білімінің тереңдігімен өлшенеді. Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп- ол балабақша.

Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата — анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс — тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт — дәстүр, мақал – мәтел, ертегілер арқылы сіңіру ата — ана мен тәрбиешілердің басты міндеті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялады. Бұл дегеніміз биылғы жылы жас буынның тәрбиесі мен біліміне баса мән берліледі деген сөз.  «Балапан» бөбекжай – бақшасында да «2022 – Балалар жылына»  байланысты түрлі іс-шаралар өткізілді.

Атап айтар блсақ: «Дос болайық бәріміз» мерекелік ертеңгілік,

«Өнерлі балалар-шаттық пен қуаныштың ордасы» ертеңгілігі,

«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»отбасылар арасында спорттық жарыс, 

«Менің отбасымның дәстүрлері» отбасылық байқау,

«Қош бол,сүйікті балабақшам!» ертеңгілігі,

«Өнерлі бүлдіршін-ел болашағы!»аудандық көркем өнерпаздар байқауы өтті.

Ескелді ауданында 1 маусым-Халқаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара ұйымдастырылып,бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін көрсетті.

Балабақшамыздың жақсы жетістіктерге жетуі, әрбір тәрбиешінің өз еңбегінің нәтижесімен, жаңалығымен біліктілігі мен білімдерінің арқасы деп білеміз.

Қорыта келе: салыстырмалы түрде сөйлейтін болсақ, кімнің пікірімен бөліссек те бақшаға барған баламен, бақшаға бармаған баланың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Қай жағынан болмасын –адамдармен қарым-қатынас жасағанда да, сөйлеу мәнерлерінде де, өз ойларын жеткізе білуде де тағысын сол сияқты көптеген құбылыстарда да айырмашылықты байқап жатамыз. Сондықтан да бақша-тек балаға бас көз болып қарайтын, осы еңбектері үшін мемлекеттен жалақы алатын адамдардың жұмыс орны деп қарамау керек. Керісінше, бақша менің балама білмегенді үйретіп, жақсыны беріп, жаманнан жирендіретін, білімді де білікті мамандардың ордасы деп білуі керек. «Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді» демекші алға қойған мақсатымыздың дұрыс және нәтижелі болуы біздің қолымызда.

Айгерим Жанаева,

«Жетісу обылысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің “Балапан” бөбекжай бақшасы мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорнының тәрбиешісі