Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысының саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды.
Соның ішінде мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды.
Қазіргі таңда заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.
«Балапан» бөбекжай — бақшасында да мемлекеттік қызметтер көрсету бұрышы жұмыс істеуде. Балабақшада қызметкерлер арасында “Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы” туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлер өз бетінше қажетті құжаттар мен анықтамаларды кезекке тұрмай, уақыттарын үнемдей отырып еgov.kz порталы арқылы алуда. “Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы” принтермен, сканермен жабдықталған.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Алматы облысында «Е–ZHETYSU.KZ» порталы әзірленді. Аталған бағдарламаның әкімшісі және оған тапсырыс берушісі облыс әкімдігі жанындағы «Техникалық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мамандардың айтуынша, аталған портал арқылы мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезекке қоюды автоматтандыруға мүмкіндік бар. «Ведомстволық бағыныстағы мекемелердің орталықтандырылған деректер қоры» ақпараттық жүйе шеңберінде іске асырылады. Сондай-ақ, мектеп ке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін 7 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді кезекке қою мемлекеттік қызметін автоматтандырады. Негізгі артықшылықтары – ата-аналардың нақты уақытта порталда өтінішті тіркеу және білім бөлімі қызметкерлерінің тікелей қатысуынсыз мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама алуына болады. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға тың жол ашпақ. Ең үлкен айырмашылықтардың бірі — енді белгілі бір балабақшаға бұрынғыдай кезек жоқ. Өтініш берушілер жас санатына сәйкес жаңа жүйе арқылы кезекке тұрады. Кезегі келген адам бос орындары бар балабақшаларды таңдайды. МДБҰ таңдаған кезде фото суреттерден және оның картадағы орналасқан жерінен көруге болады. Өтініш берушілерге осы жүйемен жұмыс істеу қолайлы болуы үшін смс хабарламалар мен электрондық поштаға хаттар түрінде түсетін хабарламалар функциясы бар. Бұл хабарламалар жұртты маңызды оқиғалар болған кезде, кезек келген кезде, хабарлама алу, жолдама алу, балабақшаларға тіркеу жұмыстарынан хабардар етеді. Ақын Сара ауылы «Балапан» бөбекжай – бақшасында да ата- аналар балаларын «Е–ZHETYSU.KZ» порталы арқылы кезекке қойып, балабақшаға түркеуде.
Ақмарал Сартбаева,
«Балапан» бөбекжай – бақшасының тәрбиешісі,
Жетісу облысы, Ескелді ауданы