ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ ҚАЛАЛЫҚ «ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС» МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

2022 жылғы 28 қыркүйекте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті қалалық «Қоғамдық кеңес» мүшелерімен кездесті.

Отырысқа облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу басқармасының басшысы Ермек Сұлтанқұлов, Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев, қалалық Қоғамдық кеңестің мүшелері, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, БАҚ қатысты.

Отырыс барысында көптеген ұсыныстар айтылды. Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын салынып жатқан объектілерге қоғамдық бақылауды күшейтуді ұсынды. Соның ішінде Қаратал өзені арнасында құм-қиыршық тасты заңсыз өндіру мәселесі де бар.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бірлескен жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Call-орталығына хабарласа аласыз.