ТАБИҒАТЫМЕН ТАМСАНДЫРҒАН АЛАКӨЛ

Қазақ елі тамаша, қарасаң көз тоймас көрікті қазынаға мол мекен. Табиғат Ананың таңғажайып көрінісі кез келген саяxатшыны баурап алатыны сөзсіз. Әсіресе, Алатаудың баурайы көз жауын алатын көрікті мекендерге толы. Шарын шатқалы, Түрген сарқырамалары, Есік көлі, Асы, Шалкөде жайлаулары, Медеу, Шымбұлақ, Табаған, Ақбұлақ және тағысын тағылар. Бұл жерлерден аракідік шетелдік туристерді кездестіруге болады.

Ал жаздың ыстығында Балқаш пен Алакөлден артық жер таппайтынымызды білеміз. Моншақтай тізілген осындай көлдер мен өзендер бір-бірімен әдемі үйлесім тапқан. Сондықтан, еліміз тұлмыса табиғатын сақтай алған санаулы елдердің қатарына кіреді.

Аспанның түсімен шалысып жатқан көк түсті ағың шексіздік, еркіндік бейнесін салып жатқандай. Желден майысқан ағаш сияқты толқындары жағаға соғуда. Аралы көлдің дәл ортасында сұлу тастан қаланған мүсіндей. Ақ қардай аппақ аққулар мен шағала құстар көзді арбайды. Адамның көзіндей көлдің тұңығынан тіршілік еткен жәңдіктер мен балықтарды көруге болады.

Иә, бұл менің туған өлкем, туып-өскен жерім – Алматы облысы, Алакөл ауданы, Тоқжайлау ауылы. «Аты затына сай» демекші, айналамыз тоқ, кең байтақ дала, жазық жайлау. Бөктердің қай бетінен шығып қарасаң да биік, қырат-қырат үшкір таулар қоршауда. Олардың сол жақ қанаты Жоңғар Алатауы. Биік тау беткейлерінде климат қоңыржай: қысы суық, жазы қоңыр салқын, ауаның орташа температурасы қаңтарда -10°-11°С, шілдеде 18°-20°С. Қыста қар көп түседі, тау басында мұздықтар калыптасқан. Қай мезгілде қарасаң, аппақ қарлар қысты көргендейсің. Оң жақ жартысының қары тез ериді, жаз айында айналасын жасыл орман, ағаштар қоршап тұрады. Осындай жаны жайсаң табиғатты көпшілік Алакөл көліне келгенде бірақ танысады.

Алакөл өзіндік емдік қасиетімен танымал. Мұндағы Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып, адамға жағымды әсер береді. Көл суы да минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, химиялық элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа пайдасы медицинада дәлелденген.

Алакөлде курортты демалыс орындарының орналасу себебі – суының минералдарға бай болуында, оның құрамында Менделеев кестесінің элементтерінің көбі кездеседі.Құрамы жағынан Қара және Өлі теңіздерге ұқсайды. Сондықтан бұл аймақта демалушылар емдік туризммен шұғылданады. Жердің түпкір-түпкірінен келген қонақтар суының мөлдірлігіне, жағаға ұшып-қонған құстарына ерекше көзбен қарап тамсанады.

Алакөл ауданының дамуына үлес қосып, оның атақ-даңқын арысы әлемге, берісі Қазақстанға танытып жүрген азаматтарымыздың саны аз емес. Республикамыздың түпкір-түпкірінде жүрсе де, туған жердің атағын шығарып жүрген жерлестеріміздің қатарында еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосқан жазушылар мен композиторлар бар. Айта кететін болсақ, Әлмен Аxанұлы, Арап Әмірұлы, Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов, Мәлжағдар Әубәкіров, Тоқтар Бейісқұлов, Зейнеп Қойшыбаева, Жұмақан Балапанов, Мәкетай Жақыпбекұлы, Теміржан Базарбаев, Мұратxан Егінбаев және Жангелді Немеребай сынды танымал тұлғалар.

Туған өлкемізден шыққан осындай өнер және мәдениет қайраткерлерінің мұраларын ұрпаққа ұлықтап, тариxты таныту, руxани кәдеге жарату – кез келген ұрпақтың перзенттік парызы. Ал осы қасиетті Алакөлдің топырағынан дарынды азаматтарымыз сияқты әлі де талай таланттар өмірге келетіні сөзсіз.

Айгерім ҚОНБАЕВА.