Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Пара алу – ең қауіпті сыбайлас жемқорлық, қызметтік құқық бұзушылық. Бұл қылмыстың мәні лауазымды тұлғаның өзінің қызметтік мінез-құлқы үшін немесе лауазымына байланысты басқа адамдардан анық заңсыз материалдық сыйақы алуында жатыр.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің экономикалық өсуіне және халықтың әл-ауқатына тікелей қауіп төндіреді. Бұл қоғамдағы демократияға, заң үстемдігіне, адам құқығы мен қадір-қасиетіне, әлеуметтік әділеттілікке жасалған соққы. Бұл болашақ ұрпағымыз үшін тікелей қауіп.

Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет пен мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарына сай қарсы іс-қимыл бағдарламасын сөзсіз орындау бойынша белгілі жұмыстар жүргізіліп, нақты шаралар қабылдануда.

Бірнеше жылдар бойы оқу мезгілдерінде ұстаздар Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын насихаттау мақсатында, «Сыбайлас жемқорлықсыз мектеп» акциясын өткізіп тұрады, оның аясында сурет байқаулары өткізіледі, плакаттар, логотиптер салынады.  Сонымен қатар «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!», «Сыбайлас жемқорлықсыз заманауи қоғам мүмкін бе?», «Кімді қатаң жазалау керек — пара алушыны ма, әлде пара берушіні ме?» тақырыптары секілді пікір-сайыс турнирлері өткізіліп тұрады.

Сынып жетекшілері мектеп Жарғысының ережелерін сақтай отырып, оқушысының міндеттерін орындау, құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ай сайын сынып сағаттарын өткізеді.

Мектеп қабырғасында өткізілетін ата-аналар жиналыстарында үнемі заңсыз ақша жинау және бағалы сыйлықтар алу фактілерінің алдын алу ережелері түсіндіріліп отырады.

Қорытындылай келе, мектеп ұстаздар ұжымы мен ата-аналардың бірлескен күш-жігері арқылы біз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін барлық шараларды қолдана алатынымызды және оған қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруымыз керек екенін атап өткім келеді.

Ж.Г.Айымбекова, Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі